ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)
05 желтоқсан 2024
643
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Бекетқызы мен Гүлнұр Мұртазаева әйел жамағатын кітап оқуға шақырып, «Muftiyat» баспасынан жарыққа шыққан кітаптарды таныстырып өтті.
Басқосуда мешіт ұстазы кітап оқудың пайдаларын түсіндіре отырып, рухани қазынаға толы кітап беттерін күнделікті парақтап, сананы сусындатып отыруды насихаттады.
Расында кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. Жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. Және осы секілді орасан зор пайдалары бар.
Пікірлер
Кіру