ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

13 қараша 2025 397 0
Оқу режимі

Жиында Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы бастаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары әйел жамағатына жаңа қажылық маусымы туралы түсіндіріп, кеңінен ақпарат берді.

Сондай-ақ ҚМДБ жанынан құрылған ресми қажылық операторы – Tawaf Travel компаниясының қызметі де кеңінен насихатталды. Қажылыққа дайындық кезеңдері, сапардың талаптары мен ережелері, сондай-ақ қажылық кезінде орындалатын рәсімдер жан-жақты түсіндірілді.

Жиынға қатысқан әйел жамағатына ұстаздар тарапынан нақты ұсыныстар мен әдістемелік құралдар беріліп, қажылық қызметінің сапасы туралы мәліметтер ұсынылды.

Айта кетейік, ҚМДБ Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстан Республикасына 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 орын бөлінгенін ресми түрде хабарлады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру