ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА РАМАЗАН НАСИХАТЫ ЖАЛҒАСУДА  (ФОТО)

07 сәуір 2023 2428 0
Оқу режимі

Бас қаладағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма сайын өтетін әйел жамағатына арналған Рамазан айы туралы уағыз-насихат  бүгін де өз жалғасын тапты.

Мешіт ұстазы Эльмира Серікбайқызы «Рамазан – шүкіршілік айы» тақырыбында  тағылымға толы насихат айтты. 

«Мүбәрак рамазан айында ораза тұтушы бұрын мән бермей жүрген көптеген нығметтердің қадірін сезінеді. Ашығып, шөліркеп Жаратқанның ырзық-несібесінің, қара судың қадіріне жетеді. Күні бойы аш құрсақ жүретін жарлы-жақыбайдың жағдайын басынан кешіреді. Бойындағы жанашырлық, бауырмалдық сезімі оянады. Өзінен төменге қарап шүкірлік етеді. Қолда бар мүмкіндіктердің қадірін ұғынады. Сондықтан, қасиетті айдағы мүмкіндікті пайдаланып, шүкіршіл қатардың қатарынан болуға ұмтылу керек», - деді ұстаз Эльмира Бұхарбаева.

Уағыз соңында әдеттегідей жиылған жамағаттың сұрақтарына жауап берілді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру