Айт мерекесінде «Балалар үйіне» сыйлық жасалды (ФОТО)

12 тамыз 2019 6190 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт – исі мұсылман қауымын қайырымдылықпен қанаттандырып, ізгі амал-әрекеттердің қатарын арттыра түсетін ұлық мереке. Айт күндері халқымыздың қонақжай дәстүрі кеңінен дәріптеліп, өкпе-ренішті өткенге қалдырып, ағайын арасындағы бауырмалдық барынша нығая түседі. Раббысының разылығын көздеген исі мұсылман бұл күндерді сауапқа толы өткізуге асығатыны айтпаса да белгілі.

Осы орайда ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бастамасымен мешіттерде түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мереке мейірін сезіндіру мақсатында түрлі әлеуметтік мекемелерге мешіт қызметкерлер арнайы зиярат етіп қайтты. Осындай игі шаралардың бірі бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» коммуналдық мекемесінде орын алды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешіті аталмыш орталықта «Аялы алақан» атты мәдени шара ұйымдастырып, бүлдіршіндерді Құрбан айт мерекесімен құттықтап қайтты. Мешіт ұстазы Естай Абдығали бастаған топ бүлдіршіндерге жеміс-жидек пен түрлі тәттілер толтырылған себеттер тарту етіп, сыйлықтар үлестірді. Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру