«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘЙЕЛ ӘДЕБІН АЙҚЫНДАЙТЫН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
11 қазан 2024
658
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен жамағаттағы қыз-келіншектерге «Мұсылман қыздың әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар болып өтті.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Күлсара Бекет және Нұргүл Әлиханқызы әлеуметтік желінің бүгінгі маңызын түсіндіре отырып, ол жердегі «жақсы» мен «жаманның», «таңсық» және «қаңсық» дүниелердің аражігін ажыратып алуға шақырды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіні қолданғанда шариғат талаптарынан шықпау, қыз балаға тән әдеп пен иба, ар мен ұяттан аттамау туралы баса айтылды. Әрі заман талабына сай даму жолында технология мүмкіндіктерін жақсы жаққа да пайдалана алудың артықшылқтары аталып өтті.
Пікірлер
Кіру