«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: БАЛА ШӘКІРТТЕР БІР-БІРІНЕ «ЖҰМА СЫЙЛЫҒЫН» ЖАСАДЫ (ФОТО)

14 маусым 2024 245 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер арасында «Жұма сыйлығы» ойыны өткізілді. Игі шара шәкірттер арасында өзара бірлік-ынтымақты арттыруға бағытталған. Яғни, әркім өз үйінен дайындап келген бір сыйлықты қасындағы досына сыйлап, өзі де одан ұсынылған сыйлықты қабыл алады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Әбу Һурайрадан жеткен (р.а.): «Бір-біріңе сыйлық жасаңдар, бір-біріңді жақсы көресіңдер», – деген хадисін негізге алған ұстаздар қауымы аталмыш шараны әр жұма сайын бала шәкірттер арасында өткізіп отырмақ.

5 адам, бала, орамал және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам, орамал және тұғыр кескіні болуы мүмкін

11 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру