«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ «АСТАНА» МЕДРЕСЕСІНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

01 қыркүйек 2025 1103 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Уақып» қорының діни оқу орындарын қолдау бастамасына орай Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен 1 қыркүйек – білім күніне орай «Астана» медресе-колледжіне азық-түлік берілді.

Жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асқан игі іске ҚМДБ «Уақып» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай және ұстаздар мен мешіт еріктілері атсалысты.

Алла Тағала демеуші жандардың әрбір сауапты амалын қабыл етіп, шәкірттердің іліміне береке, жас жеткіншектердің болашағына нұр жаудырсын! Жақсылықта жарысатындар көбейе бергей!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру