«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

28 тамыз 2025 1006 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен SOS Астана балалар үйіне әлеуметтік көмек көрсетілді.

Қайырымдылық іс-шарасы аясында мекемеге қажетті азық-түліктер табысталды. Балаларға қуаныш сыйлауды мақсат еткен бұл игі іске «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразхан мен мешіт еріктілері атсалысты.

Іс-шара барысында мекеме басшылығы ізгі тілектерін айтып, бүлдіршіндерге жасалған көмектің маңыздылығын атап өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің қайырымдылық бағытындағы игі бастамаларына сәттілік тіледі.  

Ислам дінінде қайырымдылық жасау – имандылықтың басты көрінісі әрі сауапты амалдардың бірі саналады. Құран Кәрімде мұқтаж жандарға қол ұшын созу, жетімдерге қамқор болу, жақсылықта жарысу мұсылманның ізгі қасиеті ретінде атап өтіледі. Осындай игі істер қоғамдағы мейірімділікті арттырып қана қоймай, береке-бірліктің нығаюына себеп болады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру