«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ «ЖЕР САҒАТЫ» ШАРАСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ (ФОТО)

25 наурыз 2024 396 0
Оқу режимі

Жылда өтетін халықаралық «Жер сағаты» шарасына орай Астана қаласындағы ғимараттарда сыртқы жарық шамдар бір сағатқа сөндірілетіні хабарланған болатын. Осыған орай қала көркіне айналған әсем мешіт «Әзірет Сұлтан» аталмыш шараға өз үлесін қосты.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара. Бұл әртүрлі елдердің 1 сағатқа электр құралдарын, мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.

Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Возможно, это изображение 2 человека и памятник

Возможно, это изображение памятник

Возможно, это изображение памятник

 

Пікірлер Кіру