«Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел ұстаздардың қатысуымен рамазанда 200 рет Құран хатым етілді

19 наурыз 2026 44 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі Дәстүр және отбасы бағыты аясында Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан айында бір ғана әйел ұстаздардың атсалысуымен 200 рет Құран хатым етіліп, дұғасы бағышталды.

Іс-шараға Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы бастаған мешіттің әйел ұстаздары мен жамағат қатысты.

Рамазан айы – Құран түскен қасиетті ай болғандықтан, бұл мезгілде Алланың кәләмін оқу мен оны терең түсінудің сауабы еселене түседі. Қасиетті кітапты оқу жүректі жұмсартып, иманды күшейтіп, рухани тазалыққа жетелейді. Сондықтан мұсылман қауымы үшін Рамазан айында Құран оқуға ерекше мән беру – үлкен сауапты әрі игі амалдардың бірі саналады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру