«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН МӘУЛІТ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

30 қыркүйек 2024 263 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына арналған Мәуліт жиыны өтті.

Рухани шараға мешіттің наиб имамы Омар Сәлімбеков, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі, мешіт ұстазы Күлсара Бекет,  және басқа да мешіттің діни қызметкерлері мен әйел жамағаты қатысты.

Жиында әуелі қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, сауабы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) рух шәрифтеріне және бүкіл өмірден өткен мүминдер рухына бағышталды. Ары қарай ұстаздар уағыз-насихат айта отырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қайталанбас, бірегей тұлғалық қасиеттерін, үмметтеріне деген жанашырлығы мен шексіз шапағатын баян етті.

Пікірлер Кіру