«Әзірет Сұлтан» мешітінде әжелерге құрмет көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

01 қазан 2021 3433 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қарияларға құрмет көрсетіліп, арнайы шара ұйымдастырылды. 1 қазан – Қарттар күніне орай өткен шара барысында ҚМДБ Әйел-Қыздар секторының Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша жауапты маманы, «Инабат» клубының жетекшісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызының ұйытқы болуымен 20 қарияға гүл шоқтары таратылып, ұлттық сусынымыз қымыз үлестірілді.

Динара Құтқожақызы жиылған жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, бүгінгі мерекемен құттықтады. Әйелдер қауымының қадір-қасиеті мен қоғамда, отбасында алар орны мен атқарар рөлі турасында насихат айтып, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Шара соңында өздеріне көрсетілген сый-құрмет үшін алғыстарын білдіріп, әжелер қауымы баталарын жаудырды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру