«Әзірет Сұлтан» мешітінде балаларға айттық қорапшалары таратылды

03 наурыз 2026 2 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Дәстүр және отбасы бағыты аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде балаларға айттық қорапшалары таратылды.

Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы бастаған әйел ұстаздар «Айттағы қуаныш» тақырыбы аясында бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестіріп қуантты.

Ораза айт мерекесі қарсаңында балаларға қуаныш сыйлау ерекше мәнге ие. Бұл дәстүрлі іс-шара балалардың көңіл-күйін көтеріп, оларға мейірім мен жылылықты сезіндірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру