«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ДІНИ ОҢАЛТУ БӨЛІМІНІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

30 қыркүйек 2024 287 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде дін қызметкерлерінің басын қосқан арнайы жиын болып өтті.

Діни оңалту бағыты бойынша жат ағымдардан сақтандыру тақырыбында өткен жиынға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин, Астана қаласы өкілдігі бойынша Жат ағым бөлімінің жауапты маманы Рақымқазы Қабдысалым және басқа да дін қызметкерлері қатысты.

Жиында жат діни ағымдардың жетегінде кеткендерге уағыз-наисхат айтудың маңызы түсіндіріліп, діни оңалту жұмыстары бойынша кеңестер мен әдіс-тәсілдер ортаға салынды. Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин өз тәжірибесімен бөлісіп, дін қызметкерлерімен деструктивті жат ағымдармен жұмыс жасаудың қыр-сырларын ортаға салды.

Пікірлер Кіру