«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ДІНИ ОҚУ-АFАРТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

05 наурыз 2026 68 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Діни оқу-ағарту бағыты бойынша қала мешіттерінің жауапты мамандарының қатысуымен жиналыс өтті.

Жиынды «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Діни оқу-ағарту бағытының Астана қаласы бойынша жетекшісі Махмұд Қасым жүргізді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – діни оқу-ағарту бағыты аясында бекітілген жұмыс жоспарын талқылап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шараларды жүйелеу.

Кездесу барысында мешіттерде өткізілетін діни дәрістер, жамағаттың діни сауатын арттыру, жастармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ насихат жұмыстарын жандандыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, діни білім беру ісінің сапасын арттыру және халыққа дұрыс діни ақпарат жеткізудің маңызы айтылды.

Жиналыс соңында алдағы жұмыстар нақтыланып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру