«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЕКІ БІРДЕЙ ЕҢБЕКТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ (ФОТО)

03 маусым 2024 527 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің muslim.kz сайтында редактор болып қызмет атқаратын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ондаған еңбектің авторы Амантай Тойшыбайұлының қаламынан туған «Өмір сүр», «Айтылмаған сөздер» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Игі шараға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов пен ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер, мешіттің имам, ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

Жамағатқа еңбектің құндылығы түсіндіріліп, кітаптың қысқаша мазмұны таныстырылды. Сондай-ақ, ақсақалдар тарапынан кітаптың лентасы қиылып, жиынға қатысқан жамағатқа таратылды.

Мешіт ұжымы ақсақалға қазақы дәстүрмен иығына ақ шапан жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, шығармашылық жолында толағай табыстар тіледі.

кітап, майлықтарға арналған сақиналар және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

12 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

7 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру