«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ХАДИСТАНУ ДӘРІСТЕРІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

07 ақпан 2024 743 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Хадистану дәрістері» басталып, жамағат пен шәкірттерге арналған алғашқы сабақ өтті. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің бағдарлық баяндамасында биылғы жылы мешіттердегі Діни сауат ашу курстары жанынан хадистану дәрістерін жүргізу жайлы бастама көтеріп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде күнделікті бесін намазынан кейін арнайы Хадистану дәрістері жүргізілетін болады. Алғашқы сабақты өткізген мешіт ұстазы Шалқар Жолды жалпы хадис ілімі жайында кеңінен мағлұмат беріп, хадистану терминологиясы туралы түсіндіріп берді.

Айта кетйік, Бас мүфти үндеуіне белсене үлес қосқан Астана қаласы өкілдігіне қарасты 14 мешіт бойынша қазіргі уақытта хадистану дәрістері жоспарға енгізілу үстінде.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру