«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт жыры оқылды (ФОТО)

28 қазан 2022 2285 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған айдың құрметіне орай Мәуліт мерекесі аталып өтілді. Жұма намазына жиылған жамағатты мешіт қызметкерлері қасиетті Зәм-зәм суы және құрма жемісімен қарсы алып, бүгінгі Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Жұма намазы алдында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, наиб имам Жұманазар Садырханов пен азаншы Қайнар Базархан Орта Азия мұсылман елдерінде кеңінен тараған Бәрзанжи мәулітін оқыды. Шараға арнайы қатысқан наиб мүфти Сансызбай Шоқанұлы батасын жасап, жамағатпен бірге салауат айтылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру