«Әзірет Сұлтан» мешітінде мұқтаждарға азық-түлік берілді (ФОТО+ВИДЕО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Алматы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып қайырымдылық акциясын өткізді. Сондай-ақ, игі шараға «Сауап» еріктілер тобы атсалысты. Алдын ала тізімі жасалған 30 мұқтаж отбасыға күнделікті күнкөріске қажет азық-түлік өнімдері таратылды.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев пен «Сауап» тобының мүшесі Абзал Сұлтанбек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға сөз қолдауын көрсетіп, азық-түлік салынған арнайы сөмкелерді табыс етті. Сондай-ақ, шара басырында ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, өз ризашылықтарын жеткізді.
«Жылы жүректен» деп атау алған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын тауып отырады. Осы орайда еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен республика бойынша күн тәртібіне қойылған жеті бағыттың бірі осы қайырымдылық шаралары болып есептеледі.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz