«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

16 маусым 2024 231 0
Оқу режимі

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды.

Құлшылық ордаларына қарай ағылған халықтың қарасы жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады. Астана қаласындағы алып құлшылық ордасы – «Әзірет Сұлтан» мешітіне де таң қылаң берісімен келген жамағат мешіттің іші мен сыртқы ауласына сап түзеді. Мешіт мінберіне көтерілген «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов жамағатқа Құрбан айт жайлы уағыз айтып, ұлық мерекенің құндылықтарын сөз етті. Және де Құрбан айт намазының оқылу үлгісін түсіндіріп өтті.

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі осылайша Астана қаласы бойынша сағат 06:00-де оқылған айт намазымен басталды. Жылдағы үрдіс бойынша мешіт ауласында айтшылап келушілерге арналып қазақ үй тігіліп, мерекелік бағдарламалар дайындалған.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру