«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САУАТ АШУ КУРСЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ (ФОТО)

20 ақпан 2024 623 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсы тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Мешіттің діни сауат ашу курсына қыркүйек айында 800 шәкірт қабылданса, қаңтар айында 380  шәкірт қабылданған. Шәкірттерге «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері –  білікті ұстаздар Эльмира Бұхарбаева, Бекет Күлсара,  Зарина Шамидуллақызы, Нұргүл Әлиханқызы, Мухлиса Сайдуллақызы дәріс береді. 

Сауат ашу курсында Құран әліппесі, Құранды мәнерлеп оқу, Құран жаттау, тәжуид ережелері, әдеп сабақтары, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны, құлшылық және иман негіздері пәндерінен дәрістер өткізіледі. Сонымен қатар, пайдалы кездесулер мен жиындар да тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Діни білім аламын деген барлық қыз-келіншектерді «Әзірет Сұлтан» мешітінде жүргізіліп жатқан сауат ашу курсына шақырамыз. 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру