«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН – ҚҰРАН АЙЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ

14 наурыз 2026 23 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігінің Діни оқу-ағарту бағыты Құран секторының ұйымдастыруымен «Рамазан – Құран айы» тақырыбында шәкірттераралық Құран сайысы өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Рамазан айында Құранға ерекше мән беру жөніндегі тапсырма аясында жүзеге асырылды.

Іс-шараны мешіттің наиб имамы, Астана қаласы өкілдігі бойынша Діни оқу-ағарту бағытының жетекшісі Махмұд Қасым жүргізді. Сайыс барысында қатысушылар алдын ала дайындалған билеттерді таңдау арқылы мінберге шығып білімдерін ортаға салды.

Әділқазылар алқасының құрамында мешіттің наиб имамы Мұратбек Қыстаубаев, ұстаз Рақымқазы Қабдысалым және Астана қаласы Құран секторының жетекшісі Ерсайын Қабылқанұлы болды.

Сайыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып, оларды Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы марапаттады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру