«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АПТА САЙЫН ЖАМАҒАТПЕН ҚҰРАН ХАТЫМЫ ЖАСАЛУДА (ФОТО)

26 ақпан 2024 574 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолға алынған «Бір айда бір хатым» жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына арналған «Құран – адамзаттың ұлы құндылығы» атты семинар өтті. Ихсан бағытына жауапты мешіт ұстазы Жолды Шалқар жиналған жұртшылыққа қасиетті Құран Кәрімнің маңызын түсіндіре келе, екі дүние бақытына кенелтетін мәңгілік мұғжизаның артықшылықтарына кеңінен тоқталып өтті.

Артынша Құран хатымының дұғасы жасалып, жамағат оның сауабын дүниеден өткен марқұмдарға баруын тіледі.

Айта кетсек, ҚМДБ тарапынан белгіленген 5 бағыттың бірі «Ихсан және насихат» бойынша «Бір айда бір хатым» жобасы негізінде Астана өкілдігіне қарасты мешіттерде апта сайын Құран хатым етіледі.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру