- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕГІ ЕРЛЕР ЖАМАҒАТЫНА «ӘКЕ МЕКТЕБІ» КІТАБЫ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕГІ ЕРЛЕР ЖАМАҒАТЫНА «ӘКЕ МЕКТЕБІ» КІТАБЫ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Muftiyat» баспасынан шыққан «Әке мектебі» атты кітап тегін таратылды.
Бұл кітап – әкелерге отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік пен Исламның әкелік рөлге қоятын жоғары талаптарын түсіндіруге арналған құнды еңбек. Онда әкенің отбасындағы орны, балаларды тәрбиелеудегі үлгі-өнегесі және жанұяның рухани дамуына қосатын үлесі туралы мазмұнды мәліметтер берілген.
Шара барысында мешіт имамдары кітаптың маңыздылығына тоқталып, оның әкелерге пайдалы ақпарат пен бағыт-бағдар беретініне сенім білдірді. Жамағат мүшелері де кітапты жылы қабылдап, осындай пайдалы бастамалары үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғыстарын білдірді.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram