«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ИМАМДАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

08 қыркүйек 2025 1176 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің дін қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Имамдар Мемлекет басшысының әділетті қоғам құруға бағытталған бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Әсіресе, әлеуметтік әлсіз топтарға қамқорлық көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту, ұлттық табысты әділ бөлу сияқты мәселелер дін қызметкерлерінің назарында болды.

Сонымен қатар, олар Президенттің «Адам – ең басты құндылық» деген ұстанымын ерекше атап өтіп, денсаулық сақтау мен білім беру саласына басымдық берілуін ел болашағына жасалған маңызды қадам ретінде бағалады. Имамдар жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, адал еңбекті дәріптеу – қоғамның рухани жаңғыруына жол ашатынын да айтты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру