- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін бірлестіктерінің басшылары мен олардың жастар қанатының қатысуымен «Заң және тәртіп: қоғамдық тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлы, ҚР МСМ Дін істері комитетінің басқарма басшысы Долиев Жапал Амзебекұлы бастаған жиынға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Өсерханұлы да діни бірлестіктердің басшылары қатарында қатысып қайтты.
Іс-шара барысында діни қызмет саласындағы заңнамалық талаптар түсіндіріліп, құқықтық тәртіпті нығайтуда діни қауымдастықтар мен жастар бастамаларының рөлі, өзара құрмет, төзімділік пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел аясында діни ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы жөніндегі тәжірибелермен алмасу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету контекстіндегі діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздерін, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мен экстремизмнің алдын алудағы жастардың рөлін, конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайту арқылы қоғамдық қатынастарды үйлестіру мәселелері қарастырылды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram