«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ «РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ ҚҰПТАН УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

05 қыркүйек 2025 1143 0
Оқу режимі

Астанадағы «Раиса ана» мешітінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қасым Махмұд жамағатқа құптан намазы алдында тағылымды уағыз айтып, насихат жасады.

Насихат барысында жамағаттың ауызбіршілігін арттырудың маңызы мен мешіттің имандылық ұясы ретіндегі орны айтылды. Имам мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, қоғамдағы тәрбие мен бірліктің орталығы екенін түсіндірді.

Жиын құптан намазымен жалғасып, соңында көпшілікпен бірге ел амандығы мен жұрт тыныштығы, жамағаттың ауызбіршілігі үшін дұға-тілектер жасалды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру