«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

04 ақпан 2024 785 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Өсерханұлы мешіттің барлық техникалық қызметшілеріне (кезекшілері мен тазалықшылар және басқа) тазалық – иманның жартысы екені туралы, сонымен қатар суды үнемдеуге қатысты Бас мүфти хазіреттің бастамасын қолдау, іске асыру, ысырап жасамау туралы арнайы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар мешіт қызметшілерінің әдебі, құқы мен міндетін анықтап түсіндірді. Уағыз соңында «Мұсылманның рухани келбеті», «Жеті рухани қазына»-қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы кітапшаларын үлестіріп, аталмыш нұсқауларды оқып, зерттеп,  танысуға кеңес берді.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру