«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Қостанай өңірінде кездесулер өткізді (ФОТО)

17 ақпан 2020 5777 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Нұр-сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов Қостанай өңірінде болып, бірнеше кездесулер өткізді.

Ол, Қостанай қаласындағы УК 161/2 қатаң режимдегі түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен, ҚР ІІМ – Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен және Қостанай қаласындағы Индустриалды және құрылыс колледждерінің студенттерімен жүздесті.

Ол жастарға теріс ағымның құрығынан сақ болуларын айта келе, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және дәстүрлі дінімізді терең меңгеруге шақырды.

Елімізде ғаламтор желісіндегі рұқсат етілген Діни басқарманың сайттарынан мәлімет алуға үндеді. Кешкі ақшам намазынан кейін қалалық мешітте «Жәннатқа апаратын амалдар» жайында уағыз айтып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Келесі жұма күні өңірдегі Жант өкілдерімен қоғамдағы жат пиғылды ағымдармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы талқылады. Сонымен бірге Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасына «Бала тәрбиесі» жайлы сұхбат берді. Сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі Өңірлік басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, елдің тыныштығын қорғап отырған әскерилердің жұмысын ерекше ілтипатпен атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру