«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТТІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ МЕН ШӘКІРТТЕРІНІҢ БАСҚОСУЫ (ФОТО)

29 қаңтар 2024 1474 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің қалыптасқан жақсы дәстүрі бойынша әйел-қыздар жамағаты ай сайын  хош иісті, тәтті шай форматында бейресми  кездесуі өткізеді.

Осы жексембілік кездесуде мешіт ұстазы Эльмира Серікбайқызы, Зарина Шамидуллақызы, Құлсара Бекет, Нұргүл Әлиханқызы, Мұхлис Сайдулақызы, Әсем Абдуллқызы және Татьяна Сыщенко әйел жамағаттың мейірімділік пен өзара түсіністік, береке-бірлігін  арттыру мақсатында барлық шәкірттерін жинады.

Нұргүл ұстазбен Зарина ұстаз оларға достық, құрмет, бауырластық туралы тұщымды әңгімелер айтса, арықарай ұстаз Мухлиса, Татьяна және Әсем өз шәкірттерін сауапты да игі істерге, белсенділікке тарту мақсатында «Инабат» әйелдер клубының бөлімдері, олардың мақсаты, бұрын-соңды атқарған сауапты іс-шараларымен таныстырды. Өйткені мешіт тек білім алу орны ғана емес.

Жамағат викторинаға қатысып, шай ішіп, бір-бірімен танысып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттерінің қатарында болу мүмкіндігіне ие болғанына  қуанды.

Айта кетейік, «Инабат» әйелдер клубы 2017 жылы ресми түрде ашылған және бұл клубтың «Қайырымдылық бөлімі», «Білім бөлімі», «Мәдениет және дәстүрлер бөлімі», «Спорт бөлімі» және «Әжелер мектебі» атты бөлімдері бар.

Пікірлер Кіру