- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ҚҰРБАН АЙТТА «ӘЖЕЛЕР ОРКЕСТРІ» ӨНЕР КӨРСЕТТІ (ФОТО)
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ҚҰРБАН АЙТТА «ӘЖЕЛЕР ОРКЕСТРІ» ӨНЕР КӨРСЕТТІ (ФОТО)
16 маусым 2024
1824
0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, мешіт жанындағы «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекетқызының ұйымдастыруымен мұсылмандардың ұлық мерекесі - қасиетті Құрбан айт күні қазақы киіз үй тігіліп, әжелерден құралған домбыралық оркестр жамағатқа күй шашу жасап, өз өнерлерін көрсетті.
Айт намазынан шыққан жамағат бір-бірін мерекемен құттықтап, домбырадан күмібірлеп төгілген күйге құлақ құрышын қандырып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Сондай-ақ, киіз үй жанында тегін бауырсақтар мен ұлттық тағам түрлері таратылып, жамағатқа айттық берілді. Мешіт имамдары ұстаз Күлсара Бекетқызы мен әжелер қауымына өз алғыстарын айтып, дін мен дәстүр бағытында ұйымдастырылып жатқан игі шараларға ризашылықтарын білдірді.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram
Пікірлер
Кіру