«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: САУАТ АШУ КУРСЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ШАХМАТТАН ЖАРЫСҚА ТҮСТІ (ФОТО)

26 маусым 2024 282 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер арасында спорттың шахмат және шашка түрлерінен сайыс болып өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Олжас Бақытұлының жетекшілігімен өткен жарыста бүлдіршіндер өзара бақ сынасып, бар біліктілігі мен зейіндерін ортаға салды.

Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерінен бөлек дін мен дәстүр бағыты аясында және қөлөнер бұйымдарын жасау бойынша түрлі сабақтар өткізіліп, әртүрлі спорттық сайыстар мен көңіл сергітер бағдарламалар ұйымдастырылып келеді.

13 адам кескіні болуы мүмкін

3 адам, шахмат және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам, шахмат және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, шахмат және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру