«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА АСЫҚ АТУДАН САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

28 маусым 2024 177 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер арасында асық атудан сайыс болып өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Олжас Бақытұлының жетекшілігімен өткен жарыста бүлдіршіндер өзара бақ сынасып, шеберліктері мен мергендіктерін ортаға салды.

Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерінен бөлек дін мен дәстүр бағыты аясында және қөлөнер бұйымдарын жасау бойынша түрлі сабақтар өткізіліп, әртүрлі спорттық сайыстар мен көңіл сергітер бағдарламалар ұйымдастырылып келеді.

8 адам, Батыс қабырғасы және мәтін кескіні болуы мүмкін

2 адам, бала, адамдар билеп тұр және көше кескіні болуы мүмкін

5 адам, бала, Батыс қабырғасы және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру