«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ШӘКІРТТЕРІНЕ ҚҰРАН ӘРІПТЕРНІҢ МАХРАЖЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

08 қыркүйек 2025 985 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан «Он күнде Құран оқып үйрен» семинарының қатысушыларына Құран әріптерінің шығу махражы түсіндірілді. Мешіт азаншысы Мұсабек Еркінбек әріптерді оқып үйренуде есте сақтау қажет болған негізі ережелермен таныстырып, әр дыбыстың шығу орны мен айтылу әдісін түсіндірді.

Махраж ілімін меңгеру – Құранды дұрыс әрі әсем оқудың басты шарты. Осы себепті сабақ барысында әр әріптің шығатын орны тәжірибе жүзінде қайталанып, шәкірттер қате тұстарын түзетуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ дәріс барысында тәжуидтің негізгі қағидалары да қамтылып, Құран оқуда жиі кездесетін қателіктерді болдырмау жолдары түсіндірілді.

Оқуға ниет еткен шәкірттер сабаққа үлкен ықыласпен қатысып, Құран үйренудің рухани ләззатын сезінді. Айта кетсек, айына екі рет өтетін «Он күнде Құран оқып үйрен» семинары шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру