«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ШӘКІРТТЕРІНЕ САЛА ТАҢДАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

24 маусым 2024 287 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының қыз бала шәкірттеріне болашақ мамандықтарын таңдау бойынша ақыл-кеңестер берілді.

«Мамандықты қалай таңдаймын?» тақырыбында өткен семинарда спикер ретінде шақырылған журналист, BAQ.KZ порталының маманы Жансая Қамбар әртүрлі сала бойынша шолу жасап, мамандық таңдауда көмектесетін әдіс-тәсілдерді көрсетті.

«Жазғы сауат ашу курсының ересектерге арналған тобына бүгін мамандық таңдау бойынша семинар өткізіп отырмыз. Себебі, бұл топта жақын арада мектеп бітіріп, мамандықтарын таңдап оқуға түсетін қыздар оқиды. Бұл кезеңде қыз балалар қай мамандыққа барарын, мамандықты қалай таңдау керектігі жайлы көп шатасады. Сол себепті болашаққа бағыт-бағдар беріп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап беру мақсатында осы шараны өткізіп отырмыз», - деді іс-шараны ұйымдастырушы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы.

6 адам кескіні болуы мүмкін

3 адам, постер, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

2 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру