«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАП АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

24 наурыз 2024 397 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті «Инабат» қыз-келіншектер клубының мүшелері мешіт ұстаздарымен бірлесіп қаладағы «Шұғыла» зағип жандар бірлестігіне ауызашар берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен «30 күнде 30 уағыз» жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Олжас Исмайылов жиналған жұртшылыққа Рамазанның қадір-қасиеті мен сауабы жайында уағыз айтты.

Өмір сынақтарына қарамастан, Алланың жазған тағдырына ризашылық танытып, мойымай жүрген ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз тағылымға толы кеште рухани мол әсер алды.

Кеш соңында барша қонақтарға «Инабат» қыз-келіншектер клубының арнайы дайындаған сыйлықтары үлестірілді.

Возможно, это изображение 7 человек

Возможно, это изображение 8 человек, стол и помост

Возможно, это изображение 8 человек

Пікірлер Кіру