«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ЖҰМАДАҒЫ «ПӘТУА САҒАТЫ» ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ (ФОТО)

29 маусым 2024 129 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа «Пәтуа сағаты» өткізілді.

Мешіт ұстазы Ерсайын Сәкенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан мақұлданған діни үкімдерді таныстырды. Мұсылманның күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен құлшылығына қатысты көптеген мәселелердің түйіні тарқатылды.

Әр жұма сайын Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде «Пәтуа сағаты» өткізіліп келеді. Басты мақсат – жамағат арасында туындаған шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап беру, көпшілікке шариғи үкімдерді таныстыру.

2 адам, адамдар баскетбол ойнауда және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам кескіні болуы мүмкін

17 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру