БАРШАҢЫЗҒА АЙРЫҚША АЛҒЫС АЙТАМЫН!

01 наурыз 2024 435 0
Оқу режимі

Қадірлі отандастар! Құрметті жамағат!

Сіздерді бүгінгі алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілеймін. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға шүкір ете алмайды», – деген. Бізді жоқтан бар етіп, сансыз нығметке бөлеген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!

Ұланғайыр жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған бабаларымызға, мейірімін төгіп, мәпелеп өсірген ата-анамызға, қамқор болған ағайын-туысқа алғыс айтамыз.

Мен осы ретте халыққа аянбай қызмет етіп келе жатқан түрлі саланың мамандарына, сонымен қатар барша дін қызметкерлеріне, әрдайым ізгі істерге үлес қосатын мұсылман қауымына, ынтымаққа ұйысқан халқымызға алғыс білдіремін.

Хадистердің бірінде: «Кім сендерге жақсылық жасаса, оған сыйлық беріңдер. Егер берер сыйлық таппасаңдар, ол үшін дұға жасаңдар» делінген. Барша мұсылман қауымын, отандастарымды өзара жақсылық жасап, қамқор болуға шақырамын.

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық бергей. Тәуелсіздігімізді баянды болғай. Әмин!

 

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Пікірлер Кіру