Бас имам ардагер ақсақалды Айт мерекесімен құттықтады (ФОТО)

02 мамыр 2022 2580 0
Оқу режимі

Исі мұсылман үмметінің ұлық мерекесі – қасиетті Ораза айт мейрамы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ардагер ақсақал Ғұзыхан Ақпанбекті зиярат жасап, айтпен құттықтап қайтты.

Педогогика ғылымдарының кандидаты, атақты Ақжан әл-Машанидың шәкірті болған Ақпанбек ақсақалдың соңғы уақыттары сырқаттанып қалғанын естіп, хал сұрай барған қонақтарға үй иесі  дән риза болып, ақ батасын арнады. Бас имам ерболат Жүсіпов ақсақалға шипа тілеп, дұға жасады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру