БАС ИМАМ МЕШІТТЕГІ ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

12 желтоқсан 2025 49 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов «Әзірет» оқырмандар клубының мүшелерімен кездесті.

«Бір айда - бір кітап» жобасы аясында өткен кездесуге «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имам Абдулахад Сманов, мешіт азаншысы Рахымжан Жолдас және оқырман қауым қатысты.

Қала Бас имамы кітап оқудың маңызы, дінімізде айтылған ғылым игеру жайлы насихатымен бөлісті: «Кітап оқитын елдер алға озып барады. Кітапқа көңіл бөлейік. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», деп Абай Құнанбайұлы бабамыз айтқандай, кітап оқу білім алудың тиімді жолы. Күніне 10 бет, 20 бет оқу сіздің көкжиегіңізді ашады, дамытады. Құрметті оқырмандар, міне, сіздер әрдайым уақыт тауып кітап оқып келе жатырсыздар. Осы дағды қалмауы керек. Бүгін «Muftiyat» баспасынан шыққан «Дін мен дәстүр» кітабын алып отырмыз. Келесі апта аталған кітапты бірге талқылмаймыз. Зейіндеріңіз ашылсын!».

Кездесу барысында Дін мен дәстүр бөліміне жауапты имам Абдулахад Сманов оқырмандарға берілетін негізгі тапсырманы айтып, тарауларға бөліп берді. Осылайша клуб мүшелері бір апта ішінде кітапқа толық шолу жасап, өз ойларын ортаға салатын боп келісті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру