Бас мешіт ұжымы жүлдегер қариды құрметпен қарсы алды (ФОТО)

15 қазан 2021 628 0
Оқу режимі

Қазан айының 12-13 күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен киелі Түркістан шаһарында Х Республикалық Құран байқауы болып өтті. Дүбірлі додаға ҚМДБ өкілдіктері бойынша өткізілген іріктеу сайысынан суырылып шыққан 74 қари қатысып, төрт аталым бойынша бақ таластырған болатын.

Аталмыш байқауға Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі атынан республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерболат Шаудырбай қатысып, «Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Республикалық Құран байқауында Елорда намысын қорғап, абыройын асқақтатқан жас қариды кеше Нұр-Сұлтан әуежайында Бас мешіт ұжымы құрметпен қарсы алды. Жүлдегер әріптестеріне құттықтау лебіздерін білдіріп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру