Бас мешіт жамағатына «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды (ФОТО)

24 ақпан 2021 4895 0
Оқу режимі

Осыдан бірер ай бұрын Елорда төрінде өткен IV Республикалық имамдар форумы аясында бірнеше маңызды құжаттар қабылданған болатын. Солардың бірі – «Ас беру мәдениеті» құжаты еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында бірізділікке келтіріп, кей отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған болатын.

Маңызы ерекше бұл құжат бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына таныстырылды. Наиб имам Бақытжан Өткелбаев намаз алдында аталмыш құжат жайында қысқаша мағлұмат айтып, жамағатқа таныстырып өтті. Бұл еңбектің ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бірнеше талқылауынан өтіп барып жарияланып отырғанын жеткізген наиб имам құжатты қоғам арасында кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру