Бас мешітте «Имани жаз 2022» жазғы сауат ашу курсына қабылдау жалғасуда (ФОТО)

25 мамыр 2022 1107 0
Оқу режимі

Оқушылардың жағы демалысына орай ҚМДБ бастамасы негізінде жыл сайын еліміздегі мешіттерде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылатыны бүгінде баршаға мәлім. Бастама аясында еліміздің бас мешіті – «Әзірет Сұлтан» мешітінде жыл сайын 500-ге жуық оқушы білім нәрімен сусындап, уақыттарын пайдалы өткізіп келеді.

Пандемиялық жағдайларға байланысты тоқтап қалған игі үрдіс биыл қайта жалғасын тауып, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде 1-20 маусым аралығында «Имани жаз 2022» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта курсқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Курсқа 8-15 жас аралыындағы оқушылар қабылданады. Қажетті құжаттар: оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі, 3х4 өлшемді сурет (1 дана) және ата-анасының өтініші мен қолхаты. Оқушылар тек бір ауысыммен, сағат 09.00-12.00 аралығында оқиды.

Курс аясында оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» кітапшалары беріліп, осы сабақтар негізінде білім алатын болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру