Бас мешітте Ораза айт намазы оқылды (ФОТО+ВИДЕО)

13 мамыр 2021 5608 0
Оқу режимі

Бүгін мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы басталды. Еліміз бойынша таңғы сағат 07.00-де мешіт аулаларында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі айт намазына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды. Насихат соңында жамағатқа айт намазының оқылу тәртібін түсіндіріп, пандемиялық жағдайға байланысты арақашықтық мәселесіне де жіті мән беру керектігін айтып өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов айт намазына имамдыққа шығып, жамағатқа айт құтпасын жеткізді. Намаз соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп ҚМДБ Пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ұстаз Сансызбай Құрбанұлы бата қайырды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру