Бас мешітте «Қайырымды жұма» шарасы өтті (ФОТО)

13 ақпан 2021 3342 0
Оқу режимі

Кеше, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма күніне орай арнайы қайырымдылық акциясы болып өтті. «Қайырымды жұма» деп қайырымдылық шарасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағына бекітілген «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне ет және азық-түлік қоры үлестірілді.

Түрлі сауда ұйымдарының соңғы кездері «Қара жұма» деген атау қойып, күндердің сұлтаны болған жұманың құтын қашырып келе жатқаны жасырын емес. Осы орайда жұма күнінің қадір-қасиет ұлықтау мақсатында Діни басқарма тарапынан қолға алынған «Қайырымды жұма» акциясы қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып келеді. Игі шараға белсене үн қосқан Нұр-Сұлтан өкілдігінде «Қайырымды жұма» акциясы алдыңғы апталарда да өткізілген болатын.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы аясында жалпы саны 30 қызметкерге азық-түлік сөмкесі мен ет беріліп отыр.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру