БАС МЕШІТТЕ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛДЫ (ФОТО)

11 қыркүйек 2022 1799 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте кадрлық тағайындаулар болды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Жандос Тәжімұратұлы қызметінен босатылып, Республикалық бас мешіттің наиб имамы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Хамит Мырзагелдиев, Темірбек Бекмағамбетов, Сейіт Нұрқанов және Қарлығаш Талқанбаева Республикалық бас мешіттің ұстаздары қызметіне қабылданды.

Дін қызметкерлерін жаңа қызметімен құттықтап, жауапты да сауапты жұмысына береке тілейміз!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру