Бас мешітте Жексенбілік уағыз жұмыстары қайта жалғасты (ФОТО+ВИДЕО)

28 ақпан 2022 3803 0
Оқу режимі

Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде карантиндік шектеулерге байланысты көптен бері желісі үзіліп қалған «Жексенбілік уағыз дастарханы» қайта жалғасып, кеше алғашқы отырысы өтті. Мешіт жамағатының діни сауатын көтеріп, арадағы таныстық пен бауырмалдықты нығайта түсуге бағытталған бұл шара енді әр жексенбі сайын ақшам намазынан соң жалғасып тұратын болмақ.

Әдеттегідей мешіттің кіші залында алдымен қысқаша уағыз айтылып, жамағат «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Серікбай Әділханның «Алла Тағалаға махаббат» тақырыбындағы тұшымды насихатына қанықты. Уағыз соңында имамға сұрақтар қойылып, жамағат көкейінде жүрген кейбір мәселелердің шешімі айтылды.

Имам мен жамағат арасын жақындатып, сұрақ-жауап түрінде өрбіген байланыс жексенбілік дастархан басында да өз жалғасын тауып, ғибратқа толы отырысқа ұласты.

Суреттер топтамасы – «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарында.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру