БАС МҮФТИ 2024 ЖЫЛДЫ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ (ФОТО)

17 қаңтар 2024 1865 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады.

«Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқанын жақсы білесіздер. Осындай мәселелер мен бастамаларды ескере келе, діни қызмет аясында 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді деп сенемін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.

Айта кетейік, Төралқа мәжілісіне Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, Ғұламалар, Сарапшылар, Ақсақалдар кеңесі мен РАНТ мүшелері, Діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысуда.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру