Бас мүфти 278-баспана кілтін табыс етті (ФОТО)

29 қыркүйек 2020 233 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына ресми сапарында Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай ауыл имамына пәтер кілтін табыстады. 

«Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында үш айда салынған 278-баспана Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында орналасқан «Сүннет» мешітінің имамы  Нұрасыл Қадырбековке берілді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауыл имамына жаңа үйдің кілтін табыс етіп, ізгі тілегін жеткізді. 

Бас мүфтидің бастамасымен жүзеге асып жатқан жобаға жаңа қоныс иелері де, демеушілер де дән риза. Енді ерікті жамағат мешіт имамдарына қызметтік үй салып беруді бастап та кетті. 

Айта кетейік, бұл соңғы екі-үш күн ішінде Түркістан облысында берілген бесінші пәтер. Бұған дейін Бас мүфти ресми сапарында Сайрам ауданында төрт бірдей үйдің кілтін табыстаған еді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру