Бас мүфти 8 дін қызметкерін жаңа қонысымен құттықтады (ФОТО)

30 мамыр 2020 5129 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы "Миғраж" мешіті ауласында салынған тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысып, баспаналы болған 8 дін қызметкерін жаңа қонысымен құттықтады.

«Адам баласы үшін баспананың орны ерекше. Үй – шаршағанда тынығатын, құлшылық жасап, дұға ететін, бала-шағаңмен қауышып, қуанышқа бөленетін, қонақ күтіп, батасын алатын мекенің. Сондықтан осы үйді игілікке пайдаланып, Алла жолында аянбай қызмет етіңіздер. Имамдарға қолдау білдіріп, қуанышын еселеген барша азаматқа Алла разы болсын айтамын. Жасаған қайырымдылықтың қайырын өздеріңіз көріңіздер. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти баспаналы болған дін қызметкерлерінің отбасына арнайы дұға жасады.

Айта кетсек, мешіт қызметкерлеріне арналған төрт қабатты тұрғын үй жеке кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтардың қаржысына салынған. Тұрғын үй 8 отбасыға арналған. Барлық талапқа сай жабдықталған. Әр пәтердің көлемі – 54 шаршы метр.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру